Әскерде зардап шеккен Ербаян Мұхтарды емдеуге Еуропаға алып кетеді, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
«Жинап берген ақшаға емдетіп, баламның орнынан тұрғанын қалаймын. Үкіметтен де көмек сұрап, Ақмарал Әлназаровамен (денсаулық сақтау министрі) кездестік. Уәде берді, сол уәдесінде тұрса деймін», – дейді Ербаянның анасы Гүлсім Қамиева.
Министр Әлназарова Ербаянды жеткізіп беру мәселесін қарастырып, жақын уақытта жауабын айтамын деп уәде берген.
«Германияның клиникаларымен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Ең мықты деген екі-үш клиника Ербаянды қабылдаймыз деп отыр. Халық жинап берген қаржының жартысы ұшақпен жеткізуге кетейін деп тұр. Мемлекет тарапынан жеткізу жағына көмек болмаса, қаржы тапшылығына байланысты емді аяғына дейін ала алмаймыз», — дейді Ербаянның әкесі.