Әйелі күйеуінен зәбір көргенін айтты: әкімнің әрекетіне қатысты қызметтік тексеру жүргізіледі

Фото: gov.kz

Атырау облысындағы аудан әкімінің әрекетіне қатысты қызметтік тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, аудан әкімінің бұрынғы жұбайы әкімдікке жүгінбеген, деп жазады kaz.inform.kz.

«Азаматша А.Үмбетқалиева Атырау облысының әкімдігіне жүгінбегенін хабарлаймыз. Туындаған мән-жайларға байланысты қызметтік тексеру тағайындалды», — деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ал Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі аудан әкіміне қатысты қылмыстық істің қаралып жатқанын растады.

«Қылмыстық іс Атырау қаласының №2 сотында қаралып жатыр. Келесі сот отырысы 29 мамырда сағат 10:00-де өтеді», — деп мәлім етті облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, Атырауда аудан әкімінің әйелі күйеуінен зәбір көргенін айтқан еді.