Фото: ТЖМ
Абай ауданындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватынан тағы да өрт шықты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 1 тамызда «Семей орманы» GLPR операторынан Бесқарағай ауданында Дөңгөлек орман жабындысы бар аймақтағы орманды алқапта егіннің өртенді.
“Өрт шыққан жерге орман шаруашылығынан, облыстық ТЖД 60 адам, 25 бірлік техника және 2 пилотсыз ұшу аппараты, «Казавиаорманқорғау» АҚ «МИ-2» тікұшағы жұмылдырылды. Қазавиақұтқару «МИ-8» тікұшағмен облыс әкімдігі, ТЖД басшылығы аэровизуалды тексеру жүргізді”, – делінген хабарламада.
Мамандардың айтуынша, Абай облысында ыстық және құрғақ ауа райы сақталып отыр, ормандардың өрт қауіпсіздігі мониторингі облыстық ТЖД ерекше бақылауында.
Жаңа алгоритмнің, жерүсті күштері мен құралдарынының жедел әрекетінің, сондай-ақ әуе патрульдерін жүргізудің арқасында өрт 7 гектар аумақта оқшауланып, түгелдей сөндірілді.