Қасым-Жомарт Тоқаев Конго Президентін Ақордада қарсы алды

Фото: Ақорда

Қазақстанға ресми сапармен келген Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессоны «Ақорда» резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дени Сассу-Нгессо бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды.

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.