Ақтаудадағы ұшақ апатын дронға түсірген блогер қамаудан шықты

Фото: инстаграм Azamat Sarsenbayev

Ақтау маңындағы ұшақ апатының видеосын жариялап жіберген Азамат Сәрсенбаев қамаудан шықты. Блогер үйіне оралғанын өзінің инстаграм парақшасында хабарады. Ол уақытша ұстау изоляторында 10 күн отырды, деп хабарлайды Qazaq.today.

25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының ұшағы құлап, 38 адам қаза тапты. Әуе кемесі Бакуден Грозныйға барып, шабуылға ұшыраған соң Ақтауға келген.

Азамат Сәрсенбаев құқық қорғау органдары өкілдерінің бұйрығына бағынбағаны үшін айыпты деп танылды. Ал блогердің өзі апатын алаңын дронға түсіріп үлгерген. Ол видео әлемге тарап кеткен еді.