Жалданған: Украинадағы соғысқа қатысқан 39 жастағы жігіт төрт жылға сотталды

Фото: overclockers

Өзбекстан соты Украинадағы соғысқа қатысқан жігітті төрт жылға соттады. Ол 2023 жылы Ресейге жұмыс істеуге кеткенмен, ерікті түрде соғысқа қатысып қайтқан, деп хабарлайды Qazaq.today.

Артынша Ресей қарулы күштерінің құрамында арнайы әскери операцияға қатысуды ұйғарады. Қорғаныс министрлігімен келісімшарт жасап, әскери дайындықтан өткен. Сол жылдың желтоқсан айында туған жеріне оралып, соғысқа қатысқаны жайлы құқық қорғау органдарына өзі хабарлаған.

«Сот Әндіжанның 1985 жылы туған Т. А есімді тұрғынын қылмыстық кодекстің 154 бабының 1 тармағы және 154-1 баптың 1 тармағы бойынша айыпты еп танып, 4 жыл 2 айға бостандығын шектеді», – делінген сот үкімінде.

Еске салайық, Ресейдің соғыс ашып, Украинаға басып кіргеніне жуырда үш жыл болады. Екі ел бір миллионға жуық әскерден айырылды.

46