Ақтауда жол көлік апатына түскен оқушылардың бірінің жағдайы тұрақталды

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 11 жастағы жасөспірімнің жағдайы жақсы, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

Есін біледі. Өздігінен дамалады. Өзі ас-суын ішіп отыр. Сондықтан оны жансақтау бөлімінен травматология бөлімшесіне ауыстыру жоспарда. Ал, 12 жастағы екінші жеткіншектің жағдайы ауыр.

— 2013-жылы туған баланың жағдайы өте ауыр. Комада жатыр. Өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Геодинамика тұрақсыз. Вазапрессорлық қолдау көрсетіліп жатыр, — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, осыдан 5 күн бұрын Ақтауда екі жасөспірімді көлік қағып кетті. Оқушылар жаяу жүргінші жолағы арқылы өтіп бара жатқан болатын.