Ақтау қаласындағы 4А шағын ауданындағы шатқал соқпағында ер адамның қаза тапқаны туралы ақпаратты құтқарушылар растады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға туралы хабар 2024 жылдың 6 қазанында, сағат 13:45-те «103» диспетчерінен түскен.
Белгілі болғандай, ер адам «Русалка» мүсіндік композициясынан абайсызда құлап, тастарға соғылып мерт болған. Қайтыс болған адамның жеке басы анықталуда.
Құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр.
Фото: видеодан скрин