Яна Легкодимованың ісін тергеген тергеушінің қызметі өсті

Фото: коллаж

Яна Легкодимованың өліміне байланысты қылмыстық істі тергеген тергеуші Темірхан Хажмұратов қызмет бабында өсіп, мерзімінен бұрын майор шенін алды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Атырау облыстық полиция департаментінде қызметтік міндетін атқару барысында ерекше кәсіби біліктілік пен батылдық көрсеткен полиция қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Солардың ішінде аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші, полиция капитаны Темірхан Хажмұратов та бар. Оған мерзімінен бұрын полиция майоры атағы табысталды.

2024 жылы із-түзсіз жоғалып, кейін қаза тапқаны анықталған Яна Легкодимова ісін ашуда тиімді жұмыс атқарғаны үшін тергеушінің лауазымы көтерілген. Тергеу барысында полиция қызметкерлері бейнебақылау жазбаларын мұқият зерттеп, кең ауқымды жедел-іздестіру шараларын жүргізген. Нәтижесінде екі күдікті анықталып, іс толық көлемде тергеліп біткен.

Яндекс.Метрика