Бүгін – Аяз атаға сыйлыққа тапсырыс беру күні. Бұл күні тілалғыш және тәрбиелі балалар ертегі кейіпкеріне хат жазып, Жаңа жылға қандай сыйлық алғысы келетінін айтады, деп хабарлайды Qazaq.Today ақпарат порталы.
Балақайлардың көбі Аяз атаның барына сенеді. Алайда есейіп, ержеткенде мұның тек ертегі екенін түсінеді. Десе де, әр үйде Аяз атаның көмекшілері бар, олар әке мен шеше, басқа да туысқандар. Бұл жандар жаңа жыл түні жақындағанда Аяз атаның кейпіне еніп, кішкентайларды қуантуға тырысады.
4 желтоқсанға тұспа-тұс келген тағы бір керемет мереке – Халықаралық құшақтасу күні. Бүгін қалаған адамыңызды еш себепсіз құшақтауға болады. Тіпті бір кездері Ұлыбританияда құшақтасуден рекорд орнатылған. Ерекше байқау кезінде алты жұп 24 сағат және 44 минут бойы құшақтасқан еді.
Бұған қоса, бүгін Ресейде бейресми түрде Информатика күні аталып өтеді. 1948 жылы КСРО-да дәл осы күні Брук пен Рамеев ойлап тапқан сандық электронды есептеуіш машинасы тіркелді.
1674 жылы француз иезуиттері Чикагоның негізін қалады;
1707 жылы Мәскеуде Н.Н.Бурденко атындағы бас әскери клиникалық госпиталінің негізі қаланды;
1946 жылы АЗЛК зауытында алғашқы «Москвич-400» маркалы жеңіл автокөлігі шығарылды;
1948 жылы КСРО-да сандық электронды есептеуіш машина патенттелді.
1996 жылы Ақмола аграрлық университетіне белгілі жазушы, қоғам қайраткері Сәкен Сейфулиннің есімі берілді;
2005 жылы Қазақстан президентінің сайлауы өтті;
2012 жылы Астанада жаңа электровоз жасау зауыты ашылды.
Айта кетейік, бүгінгі ауа райы болжамын мына сілтемеден оқисыз.
