Фото: REUTERS
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы XIV Левті Қазақстан халқының атынан құттықтады, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
«Сізді Киелі Тақ иесі етіп сайлау арқылы Католик шіркеуі халықаралық ахуал күрделі кезеңде бейбітшілік пен тұрақтылықты дәріптеу ісінде маңызды рөл атқара беретініне сенімдімін», – деп жазылған жеделхатта.
Президент әртүрлі діни наным өкілдері мекен ететін Қазақстанға Рим Папасы екі мәрте сапармен келгеніне назар аударып, халықтар достығын, дінаралық сенім мен ынтымақты нығайтуға бағытталған ортақ күш-жігерді еліміздің әрдайым қолдайтынын жеткізді.
Еске сала кетейік, кеше жаңа Рим Папасы болып чикаголық (АҚШ) Роберт Фрэнсис Прево сайланды. Понтифик Лев XIV есімін алды.