Қала тұрғындары модульді әжетханалардағы ақаулар туралы қалалық әкімшілікке хабарлады. Қазір мамандар қоғамдық дәретханалардағы ақауларды жөндеп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.
Ақтауда 12 қоғамдық дәретхана бар, оның бесеуі модульді, яғни қала тұрғындары оған QR код арқылы төлем жасап кіреді. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі модульді дәретханалардың істен шыққанын мәлімдеді.
“Техникалық ақауларға байланысты QR код қосылғанша дәретханалар жұмыс істемейді. Мамандар жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жақында барлығын түзейміз. Қала тұрғындары мен қонақтарынан қоғамдық дәретханаларды таза ұстауды және қажет болған жағдайда гигиеналық заттарды пайдалануды сұраймыз”, – делінген ақпарат агенттігінің жазбасында.
Бұған дейін Абай облысында жазық далада құны 30 миллион теңге тұратын дәретхана салынған еді.