Ақтауда оқушылар жаппай төбелескен

Фото: egovpress

Ақтауда оқушылар жаппай төбелес ұйымдастырып, бір-біріне тас лақтырған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы lada.kz-ке сілтеме жасап.

Кадрларда мектеп формасын киген балалар бір-біріне тас лақтырып, шабуыл жасауға тырысатыны көрінеді.

«Ақтаудағы дарынды балалар көшеде тас лақтырып, жаппай төбелес ұйымдастырды», — деп жазды видео авторы.

Полиция бұл оқиғадан хабардар екенін, оған қатысқан барлық адам анықталғанын айтты.

«Төбелеске қатысушылар Ақтау қаласының полиция басқармасына жеткізілді. Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды», — деді Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.