Ақтауда эскалатор 7 жасар қыздың саусағын жұлып кеткен

Фото: Pixabay

Сауда орталығында жарақат алған қыз Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді. Бала эскалаторда саусағының бір бөлігінен айырылып қалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі lada.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, дәрігерлер саусақтың қалған бөлігін аман алып қалу үшін барын салған.

«Науқас оңалту емінен өтіп жатыр, болжам жасауға әлі ерте», — делінген басылым таратқан хабарламада.