«6 бала болған»: Колумбия арқылы АҚШ-қа заңсыз кірмек болған қазақстандықтардың қайығы теңізге батып кетті 

Кариб теңізінің Колумбия жағалауында 20 мигрант мінген қайық суға батып кеттті. Қайықта Қазақстанның азаматтары да болған,  деп хабарлайды Voice of America («Америка дауысы») сайтына сілтеме жасаған Qazaq.today агенттігі.

Теңізге батқан қайықтағы бір мигрант қаза тауып, тағы төрт адам іс-түссіз жоғалған. Жағалау құтқарушылары 15 мигрантты аман алып қалды.

Voice of America-ның жазуынша, аман қалған адамдардың ішінде алты бала бар. Олардың екеуі – Қазақстаннан, үшеуі – Венесуэладан, бір баланың азаматтығы белгісіз. Қайыта Қазақстан, Колумбия, Эквадор, Иран, Никарагуа, Венесуэла азаматтары отырған.

Мигранттан мінген қайық Никарагуаның шығысына қарай орналасқан Сан-Андрес және Провиденсия аралының маңында суға батқан. Колумбия әскерилері әскери-теңіз флотының жедел қимыл бөлімі іздеу жұмыстарын жалғастырып жатқанын хабарлады.

Кейінгі уақытта Орталық Азия елдерінен АҚШ-қа Мексика, Колумбия, Панама, Никарагуа арқылы заңсыз баратын мигранттар саны артқан. Былтыр Өзбекстаннан 17 мың адам, Қырғызстаннан 7 мың адам, Тәжікстаннан 3 мың адам, Қазақстаннан 2,7 мың адам, Түркіменстаннан 2 мыңға жуық адам Америкаға заңсыз өткен.