Қазақстандықтардың 2024 жылдың тамыз айында қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.
Тамыз айында мемлекеттік мерекелерден 30 тамыз – Конституция күні тойланады. 2024 жылы 30 тамыз жұма күніне сәйкес келеді.
2024 жылы Конституция күніне арналған демалыс күндері:
— бес күндік жұмыс аптасы үшін 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек демалыс күндері;
— алты күндік жұмыс аптасы үшін 30 тамыз демалыс күні, 31 тамыз жұмыс күні, 1 қыркүйек демалыс күні;
Қазақстандықтар 2024 жылы қанша күн демалады
Сонымен қатар бұл айда кәсіби және басқа да мерекелер бар. Олар:
— 4 тамыз (тамыз айының бірінші жексенбісі) – Көлік қызметкерлері күні
— 10 тамыз – Абай күні
— 11 тамыз (тамыз айының екінші жексенбісі) – Құрылысшылар күні
— 18 тамыз – Шекарашылар күні
— 25 тамыз (тамыз айының соңғы жексенбісі) – Шахтерлер күні
— 29 тамыз – Семей ядролық полигонының жабылатын күні