42 500 теңге алимент төлейді: Экс-әкім Амандық Баталов жағдайы нашар әйелдің басын айналдырып, некесіз қыз тудырған

Алматы облысының бұрынғы әкім Амандық Баталов заңсыз некеден туған қызынан қашып, алиментке бар болғаны 42500 теңге төлеп жүр. Баталов облысты басқарып тұрғанда жалғызбасты, жағдайы нашар әйелге көмектесуді желеу қылып, кейін онымен төсектес болған, деп хабарлайды Qazaq.today. 

Онсызда әрең күн көріп жүрген әйел сол кездегі облыс басшысының орынбасарынан бала көтеріп, өмірге қыз баланы әкелген. Қарлығаш (есімі өзгертілген) атты әйел Nege Youtube арнасына сұхбат берді.

Қарлығаш 2011 жылы Амандық Баталовпен танысқан. Экс-шенеунік материалдық жағдайы мәз емес әйелге көмектесемін деген желеумен танысқан. Әйелдің айтуынша, Баталов қайта-қайта телефон соғып, жүргізушісін жіберген. Әйел Баталовтың үйіне барып, кейін аяғы ауыр болып қалған. Ал бала таптырған соң экс-әкімнің адамдары жалғызбасты әйелді қорқытуға көшкен.

 «Казахстанский» көшесінде ол кісінің үйі болған. Сол пәтерде отырып сөйлестік. Өте жақсы адам болып көрінді. Жағдайымның қиын екенін айтқанымда, көмектесем, уайымдама деді. Ол кісімен жақын қарым-қатынаста болып, аяғым ауыр боп қалды. Өзіне айттым, үнемі хабарда болдық. Кейін жауап бермейтін болды. Қызым 5-6 айға толғанда, суреттерін жіберіп отырдым. Үн қатпайтын. Кейін қызым өсе бастағанда, көмек сұрадым. Қолымды қайтармады. Сосын қызыңызға тегіңізді беріңіз немесе қайта-қайта ақша сұрай бермейтіндей көмек беріңіз деп сұрадым. 2018 жыл болатын. Ұлым есіктің алдында ойнап жүрген. Телефоныма белгісіз нөмір хабарласып, «анау сіздің балаңыз ба» деді. «Ендігәрі біздің көкемізге хат жазып, көмек сұрайтын болсаң, балаңның аяқ-қолын сындырып, самокатымен бірге өртеп, өлтіріп кетеміз» деді. Қатты қорқып кеттім. Балконға жүгіріп шығып, баламды шақырдым. Сол кезде тағы да телефон шыр етті, көтергенімде «Қорқып кеттің ба? Бұл саған алғашқы және соңғы ескертуім, ендігәрі көкемізді мазалайтын болсаң, қол-аяғыңды сындырып, қаланың сыртына апарып көміп кетеміз, ұқтың ба?!» деді. «Ұқтым» дедім, баламды даладан алып кете ма деп қорқып тұрдым», — дейді Қарлығаш. 

Қарлығаш мұндай қорқытып-үкітуден кейін қоғамдық ұйымның төрайымы Жазира Қамалдановаға хабарласып, оқиғаны айтып береді. Белсендінің ақылын тыңдаған әйел полицияға арызданған. Алайда полицейлердің өзі әйелді мазақ қылған.

«Полиция департаментіне арыз жаздық. Ол кезде қызметте полковник Сарқытов, генерал Ұрынханов болған. Сарқытов мені үш баламмен бірге полиция ғимаратында мазақ етті. 11-12 сағаттап тамақсыз, сусыз ұстады. Пәтерге барғанда Баталовпен қалай жыныстық қатынасқа түстіңдер, ол кісі қалай жатты, қалай тұрды деп шұқылап сұрады. «Мен сізге айта алмаймын» дегенімде, «айтпасаң сені қамаймыз» деді. Мәжбүрлеп айтқызды. Күнде полицияға шақыртады, мен әбден шаршап кеттім. Генерал Ұрынханов шақырып, жұмыс ұсынды. «Арызыңды ал, біз сені осында жұмысқа тұрғызайық» деді. Мен келіспедім, өзімнің тәжірибем де жоқ, ол жақта мені не күтіп тұрғанын білмеймін ғой. Сонымен полициядан пайда болмай, Астанаға пркуратураға, ІІМ – не арыз жаздым. Содан кейін ғана қозғала бастады», — дейді Қарлығаш.

Айтуынша, Баталовтың адамдары келіп, «саған үй алып берейік, сауда нүктесін ашып берейік, арызыңды қайтарып ал» депті. Олар сөзінде тұрып сауда орнын, 3 жылдан кейін баспанасын алып берген. Өзара медиациялық келісімге келген. Экс-әкім кезінде көңіл қосқан әйелмен кейін тек жүргізушісі арқылы сөйлесіп жүрген. Әйел 2020 жылы Баталовты сотқа беріп, . 1,5 жылға созылған даудан кейін сотта Баталовты жеңіп шығады. Экс-әкім қыздың әкесі деп танылып, сот оған алимент төлеуді жүктейді. Бірақ Баталов 171 мың теңге алатын зейнеткер болғандықтан, заң жүзінде 42 500 теңге төлейді. Қарлығаш экс-шенеуніктің бір зейнетақыға қарап отырмағанын біледі. Әйел Баталовтан  70 мың теңге сұрап, қызының қолөнерге жақын екенін, қосымша сабаққа төлеуге ақша керек екенін айтты.

«Құрметті Амандық Ғаббасұлы, сізбен кездесіп, қызыңызды таныстырғым келеді. Біздің ортамыздағы адамдар сізге қалай жеткізетінін білмеймін. Қазір менің түсінгенімше, сізге мен жайлы басқаша жеткізеді. Сіз мені «ақшаға тоймайды» деп айтады екенсіз. Сіз мүмкін ақшаны беріп жатқан шығрасыз.  Сұрағынан шаршадым, бірақ мен сізге жалынам. Сіздің қызыңыз қолөнерге жақын, моншақ, сумка да тігеді, сіздің қызыңыздың қолынан бәрі келеді», -деді маска тағып сөйлеген әйел. 

Амандық Баталов 2014 жылдан 2021 жылдың қарашасына дейін Алматы облысын басқарған.