«Жылағаны үшін тұншықтырған». Шымкентте туған әпкесінің қызын өлтірген әйел сотталды

Шымкенттік әйел туған әпкесінің қызын қасақана тұншықтырып өлтіргені үшін 20 жылға сотталды, — деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы Massaget.kz — ке сілтеме жасап.

Оқиға 2024 жылдың маусым айында болған. Шымкент қаласы, Ақпан батыр көшесі бойында орналасқан жалдамалы пәтерінде өзінің туған әпкесінің 2018 жылы туған қызын ұйқысынан оянып, айқайлай бастағанына ашуланып, жасөспірімнің аяқ-қолын біріктіріп байлап, ұрып-соғып, еденге құлатқан. Артынша жасөспірім есінен танып құлаған. Әрі қарай, ваннаға су толтырып, тұншықтырып қасақана өлтірген.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-нің 99-бабының 3-бөлігімен (жас баланы өлтіру) айыпталған күдікті әйелге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушының жауаптарымен, жәбірленуші өкілінің жауаптарымен, сот сараптама қорытындыларымен, заттай дәлелдемелер жиынтығымен және істегі дәлелдермен бекітіледі.

Прокурор күдіктіге 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сот сотталушының қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар ретінде бұрын сотты болмағанын ескерді, ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот қылмыскерді ҚК-тің 99-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазаны қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтеу белгіленді. Үкім заңды күшіне енді.