Жыл басынан бері 11 бала суға батып, қаза тапқан

Елімізде бес айдың ішінде 23 бала қайғылы жағдайлардан көз жұмды. Тағы 12 бала өрттен қаза тапты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

«Жыл басынан бері 23 бала қайтыс болды. 12-сі өрттен қаза тапты, 11-і суға кеткен. Мұндай оқиғалар ай сайын тіркеліп жатыр. Жаз басталды. Балалар лагерьге барады», – деді Кеген Тұрсынбаев Сенат кулуарында.

Оның айтуынша, министрлік төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған жұмыстарды күшейтеді.