Жүрсін Ерман эфиопиялық құдасына ат мінгізіп, шапан жапты (ВИДЕО)

Тедрос Гебрейесустің атақты балуан Дәулет Тұрлыхановпен бауыздау құдасы. ДДСҰ басшысының ұлы Дәулет Тұрлыхановтың қызына үйленген. Ал, Дәулет Тұрлыханов – Жүрсін Ерманның күйеу баласы.

Әлеуметтік желіде ДДСҰ Бас директоры Тедрос Гебрейесусқа ат мінгізіп, шапан жауып жатқан сәтінен кадрлар пайда болды, деп жазады nur.kz.

Аталған видеоны Instagram желісінде megapolis.kz парақшасы жариялаған. Онда ДДСҰ басшысы демалысын Алматыда, қазақы ортада өткізіп жүргені жазылған.

«Ол Алматының тауында болып қайтты (немесе әлі сол жерде). Демалыс орнының желідегі парақшасынан оған ат мінгізіп, шапан сыйлағанын байқауға болады», – делінген видео сипаттамасында.

Видеоны жариялаған автор ДДСҰ Бас директоры Тедрос Гебрейесустың қазақ ақыны Жүрсін Ерманға құда екенін еске салған.

Айта кетейік, 3 тамыз күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесус Алматыға келгенін хабарлаған болатынбыз. Мәртебелі қонақ Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният және Алматы әкімі Ерболат Досаевпен кездескен. Qazaqtv телеарнасының хабарлауынша, Тедрос Гебрейесус Алматыға бейресми сапармен келген.

Соңғы

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана...

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны...

Қазақстан Әзірбайжанға 6 900 тонна мұнай жөнелтті

Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today...

Тоқаев Израиль президентімен сөйлесті

Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті,...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана атанды. Междуреченск ауылындағы мектепте оқитын қызды көршісі зорлап келген. Күдікті ретінде 53 жастағы еркек ұсталды....

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. Алдын ала қорытынды бойынша көп дауыс...

Қазақстан Әзірбайжанға 6 900 тонна мұнай жөнелтті

Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 наурызда Баку порты бағытында одан әрі тасымалдау үшін...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here