ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Масс-медиа туралы» заң жобасын жария талқылауға берді.Жаңа заң жобасы қоғамда, соның ішінде белгілі қоғам қайраткерлері, ақпарат саласында ұзақ жыл жұмыс істеп келе жатқан журналистер, бас редакторлар тарапынан қызу талқыға түсіп жатыр. БАҚ өкілдері Алматы мен Астана қалаларында арнайы баспасөз жиындарын да өткізіп, өздерінің ұсыныстарын білдіріп жатыр.
Осы салада қызмет жасап жүрген мамандардың сөзінше, жаңа заң жобасында жақсы өзгерістер де бар. Жақсы өзгерістердің қатарына балаларға қатысты интернет-ресурстардағы кибербуллинг фактілерін реттеу туралы бапты қосқан. Сонымен қатар, «Масс-медиа туралы» заң жобасының тұжырымдамасында: «негізгі реформалар журналистердің құқықтық мәртебесін арттыруға және олар үшін құқықтық кепілдіктерді күшейтуге бағытталатын болады» делінген.
Алайда мамандар заң жобасының өзінде құқықтық кепілдіктер әлсірей түскен деп санайды. Жаңа заң жобасында «сөз бостандығы» ұғымы тек 2 рет, ал «бақылау» сөзі 14 рет айтылады. Журналистер редакцияның тапсырмаларын ерекше жағдайларда орындау барысында лауазымды тұлғалардың нұсқауларын сақтауға және ақпараттық хабарламаларды БАҚ-та жарияламас бұрын оларға көрсетіп, тексертуге міндеттелді. Бұл Конституция мен заң жобасының өзі жариялаған цензураға тыйым салу нормасын бұзу болып саналады.
Бұдан бөлек, бұл әдіс БАҚ жұмысының объективтілікті қамтамасыз ету деген негізгі қағидасын бұзады, өйткені ақпарат келісілгеннен кейін биліктік ұстанымға ие болады. Сарапшының пікірінше, журналистердің құқықтарын қорғауға ерекше назар аудару қажет.
Қазіргі заңнамада журналистерді қорғайтын бір ғана баб бар, ол ҚР Қылмыстық кодексінің 158-бабы «Журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасау». Осы бабпен сот тек бір рет, 2005 жылы ғана өткен. Сондай-ақ соңғы алты айда журналистерге жасалған зұлымдықтың 17 фактісі болды, соның ішінде мүлікті тонау, DDoS шабуылдары және тағы басқалары бар. Басқаша айтқанда қазіргі заңдарда жаңа өзгерістер реттелмеген.
«Журналистердің өміріне қауіп төндіруге тағайындалатын жазаны бөлек баб арқылы күшейту қажет. Қатаң жазасы бар жаңа бап енгізілуі керек: «Журналистке немесе оның жақындарына зорлық-зомбылық көрсетумен, мүлкін бүлдіріп, оны жоюмен байланысты іс-әрекеттер зорлық-зомбылық көрсетумен, өміріне қауіп төндірумен бірдей саналады. Әрі мұндай қылмысқа барғандар 5 жылға дейін мәжбүрлі жұмыстар істеу немесе 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын өтейді», — деп ұсынды KazTAG халықаралық ақпараттық агенттігінің басшысы Әсет Матаев.
Ұсыныстарды «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры мен Қазақстан Журналистер Одағы да қолдап отыр. Бұдан басқа, тиісті заңнамалық актілерге мынадай нормаларды енгізу ұсынылады:
⠀- полицияның сот ордерінсіз редакциялық орындарды тінтуге немесе журналистік материалдарды алып қоюға құқығы жоқ;
— сот ауыр қылмысты тергеу кезінде немесе қылмыс жасады деп айыпталған адамды қорғау үшін абсолютті қажеттілік болған жағдайда, сондай-ақ дәлел бола алатын ұқсас, құнды материалдарды өзге жолмен алу мүмкін болмаса ғана, журналистік материалдарды тінту немесе алып қоюға ордер бере алады.
⠀»Масс-медиа туралы» заң жобасындағы «Журналистің құқықтары мен міндеттері» бөлімін мынадай тармақпен толықтыруды ұсынамыз: «Журналист автор екенін жасыруға және ақпарат дереккөздерін жасыруға құқылы. Дегенмен бұл деректер ауыр қылмысты тексеру кезінде немесе қылмыстық сот ісін жүргізу барысында адамды қорғау үшін қажет болса, аталған құпиялар соттың талабымен жарияланады.
⠀Сондай-ақ журналистік тергеу жүргізу кезінде журналист қоғамның мүддесі үшін адал жұмыс істегенін сот тәртібімен дәлелдеген болса, оны жауапкершіліктен босатуды заң жүзінде бекіту қажет.
«Жалпы журналистерге қарсы қылмыстардың алдын алу, оларды қорғау, сондай-ақ жазадан құтылу мәселелерін шешу үшін кешенді жұмыс қажет. Ақпарат министрлігінің қолдауымен » Журналистердің қауіпсіздігі туралы ұлттық жоспар» әзірлеп, қолданысқа қосу қажет», — деді мамандар.
⠀Әсет Матаевтың пікірінше, «Ұлттық жоспардың» көмегімен жұмыс істеу процесі басқа да құқықтық және ведомствоішілік актілерді жетілдіру бойынша жұмысты үйлестіруге болады.Мұндай құжаттар әлемнің көптеген елдерінде әзірленіп, пайдаланылып жатқаны атап өтілді.
Сонымен қатар ұсынылған заң жобасы Интернет пен әлеуметтік желілердің, мессенджерлердің өмірге жаппай енуінің арқасында пайда болған жаңа шындықты ескермейтініне мән берілді. Жаңа заң жобасында БАҚ редакцияларына ғана қатысты шектеулер бар. Негізінде заң жоба халықты түбегейлі қамтуы тиіс. Себебі қазір әлеуметтік желілердегі сөз бостандығы көбінесе «зиян келтірме» шекарасынан өтіп кетіп жатыр. Ал заң «Сөз бостандығының кепілдігі» деп аталуы тиіс еді.
«Әлеуметтік медианың қарқынды дамуы блогерлер немесе азаматтық журналистер деп ат қойып алған үлкен массаның пайда болуына түрткі болды, олардың аккаунттары әлеуметтік маңызды тақырыптарды қалай көтереді, көбінесе жалған немесе зиян келтіретін, заңсыз мәліметтерді шығарады және таратады. Мысал, олардың қатарына жүздеген, мыңдаған қазақстандықтар зардап шеккен қаржы пирамидаларының пропагандасы кірген», — деді Ә.Матаев.
Жалпы, біз қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа, порнографияға, есірткіге және психотроптық заттарды насихаттау фактілері туралы айтып отыр.
БАҚ өз кезегінде заңнамалық шектеулерге ие бола отырып, заңдылық пен этика шекарасынан өтпейді. Алайда, тіркелмеген желілік БАҚ реттеу өрісінен тыс қалады, өйткені «желілік басылымды есепке алу ерікті түрде жүзеге асырылады».
Сарапшының пікірінше, желілік басылымдар міндетті түрде тіркелуі керек. Жұмыс гипотезасы ретінде «Кәсіби БАҚ» және «Әлеуметтік медиа» жіктемесі ұсынылады, соңғының санатына БАҚ ретінде тіркелмеген блогтар, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі аккаунттар кіреді. Сонымен қатар сарапшы блогерлердің этикалық кодексін әзірлеу қажеттілігін атап өтті. Әсет Матаевтың пікірінше, дара жағдайларда бірқатар алдын ала зерттеулер жүргізе отырып, «жеке өмірдің құпиясы», «алауыздықты қоздыру», белгілі бір қылмыстық әрекеттерді насихаттау, суицидті насихаттау сияқты ақылға қонымды шектеулер негізделген ұғымдарға нақты тұжырымдар беру қажет.
«Қоғамдық қызығушылық» «қоғамдық тұлға» және тағы басқа ұғымдар тұжырымдалуы керек.