«Жүргізуші мас болған» — Өскеменде автобус жер үйге соғылды

Өскемен қаласында автобус жер үйге соғылды. Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today.

Жол-көлік оқиғасы Мирный кентіндегі Мостовая көшесінде болған.

«Жүргізуші автобусты мас күйде тізгіндеген. Соның салдарынан рульді басқара алмай қалып, жер үйге соғылды. Жол апаты салдарынан үй тұрғыны жарақат алып, ауруханаға жеткізілді», — делінген хабарламады.

Белгілі болғандай, сол күні автобус рейске шықпағандықтан іште жолаушылар болмады.

Қоғамдық көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

 

Qazaq.today