«Жұмысқа тұрғызамын деп, 300 мыңнан жинап алған» – Ақтөбеде 30 адам алаяққа алданып қалды

Ақтөбе облысы ПД «West Trans Group-M» ЖШС басшысына қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today.

Күдікті мұнай компаниясына вахталық әдіспен жұмысқа орналастыруға уәде беріп, 150 — 300 мың теңге көлемінде алдын ала ақша алған. Қазір полицияға 30-ға жуық алданған азамат шағымданды.

«ПД дәл осы алаяқтықтан зардап шеккен тұлғаларға облыстық ПД 416 кабинетіне хабарласуды немесе 8(7132)936-416 телефонына қоңырау шалуды сұрайды. Еліміздің басқа өңірлерінің тұрғындарынан тұрғылықты жері бойынша аумақтық бөлімшелерге хабарласуларыңызды сұраймыз»,-деді Ақтөбе облысы ПД ТБ бастығының орынбасары Сұлтанов Нұрболат.

 

Qazaq.today