«Жұмыс уақытында ішімдік ішіп отыр»: Жетісу облысында қоғам белсендісі кафеде жиналған шенеуніктердің әрекетіне шағымданды (Видео)

Жетісу облысында қоғам белсендісі Күнсұлу Мулькибаеваның аудан орталығының кафелерінің бірінде ішімдікпен дастархан жайып, жиналған облыстық мәслихат депутаттарының үстінен түскен видеосы пайда болды. Әйел олардың жұмыс уақытында тойлатып отырғандарына наразылық білдірді. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі “Орда” порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Кафеде Алматы облыстық мәслихатының депутаты Ләззат Тұрлашев, Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы әкімінің екі орынбасары – Нұрлан Әбденов пен Дәурен Жолжанов болған.

Видео кадрларынан шенеуніктердің беттерін қалай жауып қашуға тырысқанын көруге болады. Ал белсенді дастарханда жеңіл тағамдардан бөлек, коньяк пен сыра ыдыстары бар екенін айтады.

“Міне орынбасарлар жұмыс уақытында рахаттанып отыр. Қазір полиция шақыртамыз. Қандай керемет! Міне сыра, коньяк тұр алдарыңызда”, – деген видео кадрларында.

Күнсұлу Мулькибаева кейін полиция шақырған. Алайда олар шенеуніктердің бұзақылық әрекеттерін жасамағанын айтып, әкімшілік құқық бұзушылық хаттама жасамаған.

«Тәртіп сақшылары не істеу керектігін ойластырып жатқанда, қатысушылардың бірі қашып кетті. Өкінішке орай, біз оны қуып жете алмадық»,— деп шағымданады ол.

Кейінірек Кунсұлу полицейлермен бірге кафеге оралып, камераны қараған.Айтуынша кішкентай ыдыста коньяк, ал үлкен стаканда сыра болған. Дегенмен полицейлер сараптама үшін сынама да алмаған екен.

Күнсұлу Мулькибаева кейін Кербұлақ ауданының прокуратурасына осы жайт бойынша шағым түсірді.

«Олар қызметтік көлікпен жүріп, жұмыс уақытында ішімдік ішіп отыр. Олардың алдында алкоголь болғанына сенімдімін. Бірақ полиция шара қолданбады. Егер мен қателессем, олар неге қаша жөнелді ?», — деді ол.

51