Жібек Құламбаева Анталиядағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Анталия (Түркия) ITF W35 турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген Ж.Құламбаева — италиялық Николь Фосса Уэрго жартылай финалда ресейліктер Анастасия Гасанова — Анастасия Гурьевамен шеберлік байқасты.

Қазақстандық- италиялық жұп бірінші партияда 6:2 есебімен басым түсті.

Екінші сетте де сол қарқынын жоғалтпады — 6:3.

Құламбаева — Уэргоның финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Фото: olympic.kz