Астананың қақ ортасында жезөкшелердің қызметін жарнамалағандар анықталды, деп хабарлайды Qazaq.today.
Интим қызмет көрсету туралы мәліметтер Астанадағы алып шолу дөңгелегінің жанында шығып тұрған. Аталған жағдай қала тұрғындарын шошытқан еді. Оқиғаға қатысты Астана қаласының Полиция департаменті мәлімдеме жасады. Сақшылардың сөзінше, қазір тергеу мен тексеру жүріп жатыр.
«Әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында LED-экранда әдепсіз мазмұндағы жазуы бар хабарландырудың орналастырылғаны анықталды. Аталған факт тіркеліп, компания өкілдерінің қатысуымен тексеру жүргізілді.
Хабарландыру жарияланған сәтте компания басшылығы құқықбұзушылықтың Wi-Fi желісін бұзу арқылы жасалған», — делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша орталықтың басшылары жарнама туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылмақ.