«Жеңу үшін келемін»: Геннадий Головкин мексикалық Сауль Канелоны үшінші кездесуде жеңетінін айтты

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Канело Альвареспен өткен екі кездесудің нәтижесіне өзінің көзқарасын білдірді, – деп хабарлайды qazaq.today ақпараттық агенттігі  Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Олардың бірінші жекпе-жегі 2017 жылдың қыркүйегінде Лас-Вегаста (АҚШ) өтіп, даулы есеппен аяқталған еді. Ал тура бір жылдан кейін сол қалада Канело төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.  Головкин 2022 жылдың 17 қыркүйегіне жоспарланған Канеломен өтетін үшінші жекпе-жекке дайын екенін айтты.

«Алғашқы екі жекпе-жектің нәтижесі мені алаңдатпайды», – деді Головкин DAZN тілшісіне.

Сондай-ақ, ол кәсіпқой бокстағы мансабын жалғастыратынын айтты.

«Мен ешқандай алаңдаушылықты сезінбеймін. Мен үшінші кездесуді асыға күтемін.Егер Канеломен үшінші жекпе-жек өтетін болса, мен оған кейбір қателіктерді түзету мақсатымен емес, жеңу үшін міндетті түрде келемін. Мен біреуге бірнәрсені дәлелдеу үшін боксқа келмедім. Маған ерекше жеңіс керек. Мен мансабымды жалғастырамын, өйткені өзімді керемет сезінемін».

Головкин 9 сәуірде Жапонияның Сайтамада қаласында WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы «суперчемпион» жапондық Риота Муратамен жекпе-жек өткізеді.

Альварес мамыр айында жеңіл салмақтағы WBA тұжырымы бойынша жеңіліп көрмеген чемпион Дмитрий Биволмен кездеседі.

Соңғы

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп,...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот...

Бірмандатты депутаттар анықталды: Сайлауда ең көп дауыс жинаған кім?

Бірмандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты кімдер болатыны анықталды. Орталық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау көрсетті, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 2022 жылғы Уимблдон турниріндегі жеңісінен кейін теннистен Қазақстан...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп, нәтижесінде қару қолданған, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.  Toyota Estima жүргізушісі оқ атқан сәт...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот процесі кейінге қалды, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq Uni-не сілтеме жасап. Бұл туралы Жетісу облысы сотының баспасөз...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here