Жетісу облысында ер адам 30-ға жуық жылқыны ұрлап кеткен

Фото: Pixabay

Жетісу облысында 28 бас жылқыны ұрлаған барымташы ұсталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған дерек Ескелді ауданында өткен жылдың маусымында тіркелген. Жылқыларды ұрлады деген күдікке ілінген Талдықорған қаласының 54 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті жауап алу барысында өзінің кінәсін толық мойындады.

«Жылқыларды күдікті ер адам Ақсу ауданының ауылдарының бірінде орналасқан шаруа қожалығындағы малдың арасына қосып, жасырмақ болған. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында ұрланған жылқылар таңбалар арқылы табылды», – деп атап өтті ПД криминалдық полиция басқармасында.

Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.