Жетісу облысында 3 миллион теңгенің балығын аулаған браконьер ұсталды, деп хабарлады Qazaq.todayтілшісі.
Рейдтік іс-шаралар барысында табиғатты қорғау полициясы 400 келі балықты заңсыз тасымалдаған Қаратал ауданының тұрғынын ұстады.
«Автокөліктің багажын тексеру кезінде тасымалдауға тиісті құжаттары жоқ 400 келі балық табылды. Алдын ала залал 2 млн 800 мың теңге болды. Балық ресурстарын заңсыз аулау фактісі бойынша тергеу басталып, барлық мән-жайлар анықталып жатыр», – деді табиғатты қорғау полициясының бастығы Ринат Парманов.
Полиция тұрғындар мен қонақтарды табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға және табиғатты қорғауға шақырады.