Жетісу облысында бір реттік бахилдің бір данасын 1775 теңгеден сатып алмақ болған

Жетісу прокурорлары бюджетті медициналық мақсаттағы өнімдердің артық шығынынан  қорғады, -деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.

Прокурорлар нарықтық құнынан 60 есе көп бахила сатып алуға жол бермеді. Сатып алуды Абай облысының медициналық-білім беру мекемесі жүзеге асырды, онда 500 қорап (25 мың жұп) көлемінде бахила жеткізуге 887 500 теңге ең аз соманы ұсынған кәсіпкер жеңіске жетті. Соңғысы 500 дананы (250 жұп), яғни әрқайсысын 1775 теңгеден жеткізуге тырысты. Жетісу облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен кәсіпкердің талаптары қолдау тауып, сот мекемені ақшалай қаражат төлей отырып, тауарды қабылдауға міндеттеді.  Ал апелляциялық сатыдағы прокурорлық ден қою шаралары ғана бахилдің нарықтық құны 30 теңгеден аспайтынын дәлелдеп, заңсыз шешімнің күшін жоюға мүмкіндік берді.