Жетісу облысының төлтаңбасы таныстырылды

 Жетісу облысының жаңа төлтаңбасы таныстырылды. Төлтаңбаның авторы ҚР суретшілер Одағының мүшесі Есет Дәуренбаев. Жаңа төлтаңба туралы конкурс шілде айында жарияланған болатын. Бұл ақпарат республикалық сайттарда, облыстық БАҚ беттерінде, жергілікті пабликтерде жарық көрді. Конкурсқа 17 үміткер қатысып, 55 эскиз ұсынған. Үміткерлер қатарында суретші, фотограф, дизайнер, архитектор мамандарымен қатар, қарапайым облыс тұрғындары да ат салысқан. Байқауда өңірдің тарихи-мәдени және географиялық ерекшеліктерінің көрсетілуі, жоғары көркемдік деңгейі, бірегей дизайндық шешім, түстердің үйлесімділігі мен геральдика талаптарының сақталуы бағаланған. Ұсынылған әр жұмыс үш кезеңнен тұрған сараптамадан өткен. 13 адамнан құрылған комиссия мүшелері жобамен танысқан соң, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы геральдикалық комиссияның сараптамалық кеңесіне ұсынылған. Жетісу облыстық мәслихат сессиясында депутаттарға ұсынылып, келісім алынды.

«Менің ұсынған жобамда Жетісу облысының гербі шеңбер ішінде орналасқан. Мұнда мемлекеттік тудың көк және алтын түсіне негізделіп құрылды. Жобадағы негiзгі нышандардың бірі – шаңырақ, Жетісу жерінің асқарлы, биік тауларын алдық. Сонымен қатар, Талдықорған қаласының символына айналған «Жетісу монументі», Ұлы Жібек Жолының нышаны – керуен көші, жеті өзен, Балқаш, Алакөл көлдерінің айдынын көрсетіп, өңіріміздің ерекшелігін айқындауға тырыстық, – деп атап өтті Есет Жеңісұлы.

Айта кетерлігі Жетісу облысының төлтаңбасын жасап шыққан суретші авторлық еңбегі үшін қаламақы алмаған. Есет Жеңісұлының айтуынша, туып-өскен жеріме деген махаббатым мен патриоттық сезімімді білдіру мақсатында төлтаңбаны салып шықтым дейді ол. Автор сондай-ақ, алдағы уақытта өзге мекемелердің де бұл гербті қолдануына еш қарсылығы жоқ екенін атап өтті.

Соңғы

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек....

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана...

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды. Бұл туралы Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек. Бұл зілзаладан кейінгі жағдайды қалыпқа келтіруге жұмсалады. Мұндай мәлімдеме Еуроодақ елдерінің Брюссельде өткен арнайы жиын...

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана атанды. Междуреченск ауылындағы мектепте оқитын қызды көршісі зорлап келген. Күдікті ретінде 53 жастағы еркек ұсталды....

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here