Жетісу облысындағы басқарма 4 жарым млн теңгелік киіз үйді 13 млн теңгеге сатып алмақ болған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызмет мемлекеттік сатып алу саласындағы бірқатар заңсыздықтың жолыy кесті, деп хабарлайды Qazaq.today Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Сала жұмысына мониторинг жасаған құзырлы мекеме жергілікті әкімдіктер тарапынан мемлекеттік сатып алу бойынша бағаны негізсіз көтеру фактісін анықтаған.

Бұл тізімде Жетісу облысындағы мемлекеттік мекемелер де бар.

Дерекке жүгінсек, Жетісу облысының cпорт басқармасы нақты құны жабдықтармен бірге 4,5 млн теңге болатын киіз үйді 13 млн теңгеге сатып алмақ болған.

Ал Сарқан ауданының vәдениет үйі нарықтағы құны 250-300 мың теңгені құрайтын бір кондиционерді мемлекеттік сатып алу жүйесі бойынша 1,5 млн теңгеге бағалап, сатып алуды жоспарлаған көрінеді.

Тексеруден кейін тапсырыстардың бағасы қайта қаралып, негізсіз қойылған құн азайтылған.

Жалпы, антикор соңғы 2 жылда мемлекеттік сатып алу саласы бойынша жалпы құны 67 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын тиімсіз жұмсаудың алдын алды.

фото: ашық дереккөзден

Qazaq.today