Жетісу облысында сайлаушылар дауыс беруге түйемен келді

Талдықорған қаласында дауыс берушілер үшін барлық сайлау учаскесі жұмысын бастады. Күн мен түн теңеліп, Ұлыстың ұлы мерекесі қарсаңында өтіп жатқан саяси науқанда нөмірі 419 сайлау учаскесіне дауыс берушілер түйемен келді. Түйемен келген бір топ азамат дауыстарын беру кезінде ән мен жырдан шашу шашқан.

Қалада алғашқылардың бірі болып осы түйе асыраушылар дауыс берді. Олардың қатарында 35 жастағы Байзақовта бар. Ол соңғы 15 жыл бойы түйе асыраумен айналысып келеді. Ұланның айтуынша түйені асырау оңай іс емес, ал осындай қос өркешті төрт түлік малдың иесі болу бір ғанибет.

«Аптаның демалыс күндері орталық саябақтарға түйені шығарып, балаларға қуаныш сыйлау ол үшін үлкен бақыт. Ал қызмет көрсетіп тапқан қаражатын түйенің жем-шөбіне, дәрі-дәрмегіне жұмсаймын. Бүгінгі саяси науқаннан қалыс қалмай, алғашқылардың бірі болып дауыс беруге келдік, әрі елге көңіл күй сыйлағымыз келді»,- деді түйеші Ұлан Байзақов.

 

Qazaq.today