Фото: Pixabay
Жетісу облысында прокурорлар мектептерде тамақтануға негізсіз төленген қаражатты анықтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.
Прокурорлар жергілікті мектептерде тамақтану үшін жеткізушілерге жалпы көлемі 20 миллион теңгеден асатын қаржыны негізсіз төлеу фактілерін анықтаған.
«Көксу ауданында 2023 жылдың 13-15 желтоқсаны аралығында ауа райының қолайсыздығына байланысты 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылған болатын. Алайда білім беру мекемесі жеткізушіге көрсетілген күндерде ұсынылмаған тамақтану қызметі үшін 4 миллион теңгеден астам қаражат төлеген», — делінген прокуратура хабарламасында.
Ұқсас заң бұзушылықтар облыстағы барлық мектептерде анықталған.
Осы анықталған бұзушылықтар бойынша залалды өтеу туралы қадағалау актілері енгізілді.