Жетісу облысында 4 баласына алимент төлемеген әкеден 7 миллион теңге өндірілді, деп хабарлайды Todayinfo.
Панфилов ауданының прокуратурасы борышкердің бейресми жұмыс істейтінін, тұрақты табысы барын анықтаған.
«Қадағалау актісі бойынша борышкер 5 тәулікке қамауға алу түріндегі ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік шара қолданылғаннан кейін борышкер алимент бойынша берешегін толық өтеді», — делінген ведомство хабарламасында.
Прокурорлық шаралармен кәмелетке толмаған 63 балаға жалпы сомасы 47 миллион теңге алимент бойынша берешек өндірілген.
Прокуратура алимент төлеуден жалтарғаны үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алумен, сондай-ақ 2 жылға дейін бас бостандығынан айырумен қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.
фото: ашық дереккөзден