Жетісу облысында басқарма басшылары кәсіпкерлерге заңсыз салық төлеткен

Жетісу облысында кәсіпкерлерге заңсыз салық салынған. Жүргізген талдау аясында бюджетке 34 млн теңгеден астам сомаға артық және заңсыз салықтар төленгені анықталды. Қаржының біраз бөлігі кәсіпкерлерге қайтарылды, деп хабарлайды Qazaq.today.

«Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап) қоршаған ортаға ең аз теріс әсер ететін кәсіпорындар (IV санаттағы операторлар) салық төлеуден босатылды.
Алайда IV санаттағы операторларға жататын 90 кәсіпкер жоғарыда аталған салықтарды төлеуді жалғастырған»,- деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Прокуратура актісі бойынша облыстың мемлекеттік кірістер Департаменті 16 салық төлеушіге 1,6 млн теңге сомасында төленген салық төлемдерінің сомасын қайтарып берді. Қалған 74 кәсіпкер бойынша төленген қаржы міндетті салықтардың басқа түрлеріне есептелді.

 

Qazaq.today