Жетімдер үйіндегі балалардың колониядағы үш сағаттық бақыты

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінің №10 мекемесінде балалар үйлеріндегі сотталған әйелдердің балаларына арналған іс-шара өткізілді, деп хабарлайды Qazaq.today. 

Балалармен кездесуге тек ана ғана емес, барлық сотталған әйелдер де дайындалады. Бұл жолы да, мекеме клубында сотталғандар мерекелік атмосферамен дәмді тағамдардан дастархан жайды. Әйелдер өз қолдарымен жасалған, ертегі кейіпкерлерінің костюмдарын киіп, іс-шара аяқталғанға дейін балалардың көңілін көтерді. Бүлдіршіндер үшін әйелдер қуыршақ театр қойылымын ұйымдастырды.

Сонымен қатар, мекеме ішіндегі «Балалар үйінің» балаларына арналған сыйлықтармен және концерттік бағдарламамен мекемеге Междуреченск ауыл әкімдігінің қызметкерлері келді. Келген қонақтар іс-шараны көңілді әндермен безендірді. Іс-шара соңында, сотталған аналар мен келген балаларға қарым-қатынас жасау үшін жеке уақыт берілді.

Дауысты орындаудағы «Кешір балам» өлеңі сотталған Шаривхан Жанботаның жеке шығармасы.

Qazaq.today