Фото: MatchroomBoxing
Астанада өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде Әли Ахмедов (23-2, 17 КО) поляк Мацей Сулецкиден (33-3, 13 КО) нокаутпен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Qazaq.today.
WBC титулы үшін өткен жекпе-жек Әли Ахмедов үшін ауыр болды. Қазақстандық боксшы алғашқы раундтарда екі рет нокдаунға түсті. Дегенмен, қазақстандық боксшы қайта күш жинап, боксты жалғастырды. Бірақ бесінші раундта қарсыласы оны үшінші рет нокдаунға түсірді. Оныншы раундта Сулецки отандасымызды қайтадан еденге құлатып, төреші жекпе-жекті тоқтатты.
Бұл Ахмедов үшін кәсіби мансабындағы екінші жеңіліс. Бұған дейін ол 2021 жылы америкалық Карлос Гонгорадан да нокаутпен жеңілген болатын.