Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 15 мыңға жуық оқушыға арналған 20 жаңа мектеп салынады, деп хабарлады Qazaq.today агенттігі.
Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жемқорлардан тәркіленген қаражатқа салынатын білім беру нысандарының тізімі ведомствоның сайтында жарияланған.
-
- апатты мектептерді ауыстыратын 2 740 оқушыға арналған 5 мектеп құрылысы (екі ауысымда);
-
- үш ауысымда оқытуды жою үшін 1 200 орындық 1 мектептің құрылысы (екі ауысымда);
-
- оқушы орнының тапшылығын жою үшін 8 976 оқушыға арналған 11 мектептің құрылысы (екі ауысымда);
-
- тозығы жеткен мектепті ауыстыратын 200 орындық 1 мектептің құрылысы (екі ауысымда);
-
- екі мектепке қосымша корпустар салу (мәжіліс және спорт залдары, асханалар).
Шымкент қаласында, Жетісу және Қызылорда облыстарында 3 мектептен, Жамбыл облысында 4 мектеп, Астана қаласы мен Алматы облысында 2 мектептен, БҚО, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында 1 мектептен салынады.
Еске сала кетсек, өткен жылы Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан 96 млрд теңгеге 76 738 оқушы орынына арналған 62 жоба қаржыландырылған болатын.