Желтоқсан оқиғасына қатысқан 64 жастағы азаматты сот саяси қуғын-сүргін құрбаны деп таныды

Ақтөбе қаласының тұрғыны 39 жылдан соң ақталып шықты.

Ер адам 1985 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің философия және экономика факультетіне студент болып қабылданған. Алайда бір жылдан кейін, 1986 жылдың 18 желтоқсанында құқық қорғау органдары оны желтоқсан оқиғаларына қатысты деген күдікпен ұстаған. Ешқандай ресми айып тағылмағанына қарамастан, бұл оқиға студенттің оқудан шығарылуына негіз болды.

Босатылғаннан кейін де ол қуғын-сүргінге ұшырап, жұмыс таба алмай жүрген. Оның жұбайы да дәл осындай себептермен жұмысқа орналасу кезінде қиындықтарға тап болған.