Желіде Нұрсұлтан Назарбаевтың Абу-Дабидегі фотосы тарады

Фото: Әлеуметтік желі

Экс-президенттің фотосы әлеуметтік желіге тарады. Суретті New York University Abu Dhabi студенттері бөлісті, деп хабарлйды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Қазақстанның бұрынғы президенті БАӘ-де 19 наурыздан бері жүргені белгілі болды. Ол жаққа шетелде оқитын ұлына барған.

Суретке қарағанда, Назарбаевтың жағдайы, көңіл-күйі жаман емес сияқты. Бұл — оның 2023 жылдың қысынан бері алғаш көрінген сәті. Ол кезде Нұрсұлтан Назарбаев бауыры Болат Назарбаевқа Астананың Бас мешітінде ас берген еді.