Әнші Мақпал Жүнісованың Гүлнұр Оразымбетоваға айтқан сөзі желіні шулатты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Видео кадрларынан Жүнісованың артынан ерген Оразымбетоваға бұйырып сөйлегенін байқауға болады.
«Туфлиіңді шешші, биік болып кетіпсің», – деді ол.
Мақпал Жүнісованың бұл айтқанын елеусіз қалдырмаған Гүлнұр Оразымбетова аяғындағы биік өкшелі аяқкиімін шешетінін айтты.
«Мақпал апайым еркелетіп тұрады. Қазақ сахнасының аңыздарымен бірге жүргеніме қуаныштымын», – деп жазды.
Екі өнер иесінің арасындағы бұл достық сәт желі қолданушылары арасында оң әсер қалдырып, шоу-бизнес әлеміндегі шынайы қарым-қатынастың үлгісіне айналды.