Желіде Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың көмекшісіне қатысты жалған ақпарат тараған, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
«Желіде Алматы әкімінің көмекшісі ұсталғаны туралы жалған ақпарат таралып жатыр, бұл хабарламада Алматы облысы Іле ауданы әкімінің фотосы көрсетілген. Осыған байланысты Алматы қаласының әкімдігі жалған ақпарат таратқандарды анықтау үшін құқық қорғау органдарына жүгінетінін мәлімдейді. Еске салайық, заңнамаға сәйкес, жалған ақпарат таратқандар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін», — делінген хабарламада.
Фото: qazaqstan.tv