Желіде Арман Шораевтың әйелді шашынан сүйреп, соққыға жыққан видеосы тарады

Астанада ер адамның әйелді көшеде шашынан сүйреп, ұрып жатқан видеосы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Kozachkov offside телеграм-арнасы видеодағы агрессор танымал қоғам қайраткері Арман Шораев екенін жазды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.

Оқиға жақында Астанада болған.

Кадрдан байқағанымыздай, ер адам көшеде көлікке мініп кетпек болған әйелді сабай бастайды. Ол жәбірленушіні шашынан сүйреп, жерге лақтырады, ұрып-соғады.

«Оқиға орнына келген полицейлер жанжалға қатысқандардың кім екенін анықтады. Видеодағы ер адам белгілі қоғам қайраткері Арман Шораев болып шықты», — деп жазды Kozachkov offside.

Таяқ жеген әйел Шораевпен бірге тұрады. Ол Шораевтың үстінен арызданудан бас тартқан, ешқандай шағымы жоқ екенін айтқан.

Алайда Арман Шораев жасанды интелектінің  құрбаны болдым, видео жалған деп мәлімдеді.

Фото: Жанар Каримова