Жеңістің 80 жылдығына арналған ресми логотип таныстырылды

Қорғаныс министрлігі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған ресми логотипті таныстырды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі. Еске сала кетейік, үкімет Жеңістің 80 жылдығын атап өтуге арналған кешенді жоспар әзірледі. Жоспарда қаңтар айынан бастап желтоқсанға көптеген шара енгізілген.

Ең маңыздысы – 7 мамырда болатын әскери парад. Бұл шара үш кезеңнен тұрады. Біріншісі – тарихи кезең, екіншісі – заманауи кезең, үшінші кезеңі – әуе шеруі.