Жазушы Шыңғыс Айтматовтың інісі өмірден озды

Техника ғылымдарының докторы, академик Илгиз Айтматов бүгін таңертең көз жұмды. Бұл туралы оның қызы әлеуметтік желіде мәлімдеді, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Ильгиз Айтматов 93 жаста еді. Ол — 2008 жылы қайтыс болған жазушы Шыңғыс Айтматовтың інісі.

Илгиз Айтматов — тау-кен геомеханикасының маманы. 1990-1993 жылдары Қырғыз Ұлттық ғылым академиясының президенті болды. Оның ғылыми еңбектері негізінен шахталарды қауіпсіз және тиімді пайдалануға, ірі гидротехникалық құрылыстарды салуға, қоршаған ортаны қорғауға, сондай-ақ таулы аймақтардағы табиғи және техногендік апаттарға арналған.

260-тан астам ғылыми еңбектің, 15 туындының авторы. Ол таулы аймақтарда асқын кернеу түріндегі қалдық кернеудің шығуы туралы ғылыми жаңалық ашты.

2003 жылы ІІІ дәрежелі «Манас» орденімен марапатталған.

Фото: kg.akipress.org