Жаслан Мәдиев Цифрлық даму министрі болып тағайындалды

Фото: Үкімет

Жаслан Мәдиев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына тағайындалды», — деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.