Оңтүстік-батыс Кюсю аралында Жапония аумағына жеткен «Шаньшань» тайфунының салдарынан 39 адам зардап шекті және бір адам хабар-ошарсыз кетті. Бұл туралы NHK хабарлады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.
Жапониядағы тайфунның салдарынан барлығы 39 адам, оның 9-ы Кагосима префектурасында және 30-ы Миязаки префектурасында зардап шекті. Сондай-ақ, Кагосима қаласында 60 жастағы ер адам теңізге пирстен құлап, хабар-ошарсыз кетті.
Миязаки қаласында 160-тан астам нысан замыданғаны туралы ақпарат келіп түсті. Мәселен, зақымданған тұрғын үйлер – 69 жағдай, кеңселер мен қоймаларды қоса алғанда, ғимараттарға зақымдануы – 35 жағдай және дене жарақатының 22 жағдайы тіркелді.
«Үйлердің зақымдануының шамамен 70%-ы» терезе әйнектерінің желдің екпінінен сынғанынан болды», — деді NHK.
Фото: AFP 2024 / Kazuhiro Nogi