Жапонияда 5,4 балдық жер сілкінісі тіркелді

Фото: Pixabay

Жапонияның орталық бөлігінде 5,4 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Магнитудасы 5,4 болатын жер сілкінісі Токионың шығысындағы Тиба префектурасының жағасында болды. Жапон метеорологиялық агенттігінің (JMA) дерегінше, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 12.12-де тіркелді.

Жер сілкінісі Тиба, Токио және Канагава, Ибараки, Сайтама префектураларында сезілді.

Зардап шеккендер немесе қирандылар туралы ақпарат жоқ.

Жапония, жер сілкінісі, эпицентр, префектура