Фото: Виталий Белоусов / РИА Новости
Бүгін Астанада «Орталық Азия + Жапония» саммиті өтеді. Жиынға Жапония премьер-министрі Фумио Кисида қатысады деп жоспарланған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Жапонияның оңтүстік-батысындағы Кюсю аралында болған жер сілкінісінің магнитудасы 7,2-ге жеткен. Жапон метеорология агенттігі тағы қатты жер сілкінуі мүмкін деп ескертті.
Осыған байланысты Жапония премьер-министрі Астанадағы іс-шараларға қатысудан бас тартуға шешім қабылдады. Бұл туралы The Japan Times басылымы мәлім етті.
Айта кетейік, зілзала кезінде елде бірнеше адам ауыр жарақат алған, сондай-ақ ғимараттарға зақым келген. Ішкі рейстер, темір жол, көлік қатынасына шектеу қойылған. Билік апатқа қарсы күресті күшейтуге тапсырма берді.